⚽️ Түркия құрамасының ойыншысы Арда Гүлер Еуропа чемпионатындағы алғашқы матчында гол салған ең жас ойыншы (19 жас 114 күн) болды. Осылайша ол португалиялық Криштиану Роналдудың рекордын (19 жас 128 күн) бұзды.
⚽️ Ал Роналду осы тұста басқа рекордты орнатты. 39 жастағы футболшы алтыншы рет Еуропа чемпионатына қатысып жатыр. Бұл - рекорд.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
17 маусымда Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев белсендімен Степногорсктегі колонияда кездескенін хабарлады.
Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі Азаттыққа телефонмен ақпарат бермеді, ресми сауал жолдауды сұрады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Солтүстік Корея – Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысына тікелей қолдау көрсететін және аннексияланған Қырымды мойындаған әлемдегі бірнеше елдің бірі.
Путин бұған дейін Солтүстік Кореяға 2000 жылы барған, ол кезде елді Ким Чен Ынның әкесі Ким Чен Ир басқарып тұрған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
18 маусым кешке Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы, Астана, Шымкент қаласынан "асырап алған алты баланы қинады" деп айыпталған 53 жастағы Ұлықбек Смановты мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіп, оны қылмыстық жауаптан босатты.
Сманов Қылмыстық кодекстің "Қинау" (110-бап) және "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" (140-бап) баптары бойынша күдікке ілінген. Оны мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы өтінішті сотқа тергеушілер жолдаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ол сейсенбіде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұмағаринмен кездескен.
О’Салливан санкция салынатын жаңа тізімдер дайындалып жатқанын, бірақ оны қазір ашып айта алмайтынын айтты. Ол санкция болған жерде оны айналып өтуге немесе жаңа компаниялар құру арқылы құтылып кетуге талпыныстар болады, бірақ мұндай әрекеттердің бәрі бақылауымызда деді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Израиль қолбасшылығы әскерді дереу дайындыққа салу туралы шешім қабылдады.
Бұл ақпарат Израильдің солтүстік аймақтарына "Хезболла" радикал тобы мен оған одақтас палестиналық қарулы жасақтардың шабуылы жиілеген кезде пайда болды. Онда атыс-шабыс ұлғайып кете ме деген қауіп те күшейіп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Ақпаратқа қарағанда, сот жаза түрін таңдағанда оның бұрын сотты болмағанын, оң мінездеме берілгенін ескерген.
Мамырдың ортасында Ақмарал Үмбетқалиева желіде видео жариялап, жылдар бойы Ибрагимовтен қорлық көргенін айтып, көмек сұраған. Ибрагимов оның сөзін "жала" деп атап, ақпарат бойынша "БАҚ өкілдерін асығыс қорытынды жасамауға" шақырған.
5 маусымда жергілікті ақпарат құралдары Ринат Ибрагимовтің Мақат ауданының әкімі қызметінен "өз еркімен" кеткенін хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Тоқаев дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы "осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберуге нақты тапсырма" бергенін айтты. Бұл туралы Ақорда жазды.
Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін айтқым келеді" деді ол.
Тоқаев мұны 19 маусымда Ақордада тасқын салдарын жоюға көмектескендерді марапаттаған кездесуде айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Қазақстан тарапы Украинаның тергеу және басқа орындарына шығып, істің мән-жайын анықтауды сұрауы керек деп ойлаймын. Талап етуіне де болады. Себебі Айдос – Қазақстан азаматы. Ел билігі өз азаматын қай жерде жүрсе де қорғауы керек, оның мүддесін жақтауы керек қой" деді Бапи.
Журналистердің бірі "Садықовтар көзқарасына байланысты елден қашты, Қазақстан олар үшін сөйлей ме?" деп сұрады.
Бапи "бұл жерде Садықовтардың саяси-кәсіби көзқарасы қалай болғаны маңызды емес. Ең маңыздысы — ол Қазақстан азаматы" деді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Садықованың сөзінше, күйеуінің халі ауыр. Оқ оның самайынан кіріп, миына тиген. Дәрігерлер "осы түнде тірі қалмауы мүмкін" депті. Бірақ Садықова 19 маусым таңертең ауруханаға хабарласып, оның түннен тірі шыққанын білгенін айтты.
Наталья Садықова бұл шабуылды "саяси қастандық" деп атап, оған "президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырыс берді" деп санайтынын мәлімдеді.
Толығырақ сұхбаттан көріңіздер.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент биылғы тасқынды "бұрын болмаған ең жойқын табиғи апат" деп атады.
Ол баспанасыз қалған адамдарға "Қазақстан халқына" қоры үй салуға қаражат бөлгенін айтып, жалпы 2200-ден астам үй салынады, 10 мыңға жуық баспана күрделі жөндеуден өтеді деп мәлімдеді.
Тоқаев апат кезінде көмек көрсеткен бауырлас елдерге, халықаралық компаниялар мен ұйымдарға алғыс айтты.
Тасқын кезінде Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланып, 19 мыңнан астам үйді су басқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Бұл ақпаратты Азаттыққа Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархат Қалетаев айтты.
"Біз Украина сыртқы істер министрлігіне осы жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін ресми нота жолдадық. Әлі жауап келмеді. Украина тарабынан бізге ешкім хабарласқан жоқ" деді елші.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Ауылымызда түк жоқ, су жоқ, жол жоқ. Көпір жоқ. Бәрі жоқ. Ауыл әкіміне де, аудан әкіміне де айттық. Бірақ жөнделер түрі жоқ" дейді тұрғындар.
Ауылдық округ әкімі мен құзырлы министрлік жолды жөндеуге керек қаржы әлі есептеліп жатыр деді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Путиннің айтуынша, құжат екі елдің біріне қарсы агрессия болған жағдайда өзара көмек көрсетуді көздейді.
Құжат мәтіні әлі еш жерде жарияланған жоқ, бұл әскери көмек туралы ма, әлде басқа нәрсе жайлы ма, ол жағы белгісіз.
Егер әскери көмек туралы болса, бұл Солтүстік және Оңтүстік Корея арасында соғыс қайта басталса, Ресейдің Пхеньяндағы соғысқа қатысуы мүмкін екенін білдіреді. 1953 жылы Корей соғысында атысты тоқтату туралы бітім жасалғанымен, бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қойылмаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Пхеньян өкіметіне Aurus сыйлау – санкция талабын бұзатын әрекет саналады, өйткені бұған дейін қабылданған санкциялар Солтүстік Кореяға люкс автокөлік жеткізуге тыйым салған-ды.
Бұған дейін Еуроодақ Ресейге барған Ким Чен Ынға оқ өтпейтін кеудеше мен Ресейде шығарылған алты дрон сыйлаған Приморск өлкесінің губернаторы Олег Кожемякоға санкция салған.
Видео: Reuters
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бір қарағанда, қоғам мен үкімет арасында қызу диалог жүріп жатқандай. Шынымен солай ма?
"Аманат" партиясы атынан сайланған мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров бұл заңды "әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және басқа мәселелер бойынша қоғамның уәждерін мемлекетке жеткізетін жаңа тетік" деп сипаттайды.
Кей пікір бойынша бұл петиция ережесі халықтың ішіндегі "буды шығару" әдісі не "қоғамдық талқы" деңгейіндегі нәрсе болып қалуы мүмкін.
Саясаттанушы Дос Көшімнің сөзімен айтсақ, заңда "тек оны "талқыға салады" дегеннен басқа ештеңе жоқ".
🔗Сілтеме
www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі осыған ұқсас саяси жағдайларды елеусіз қалдыратын. Бірақ, саясаттанушының сөзінше, Садықовқа жасалған шабуыл бойынша пікір білдірмей қоя алмады.
Саясаттанушының Азаттыққа берген пікірін толығырақ видеодан көріңіздер.
www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Киевте қастандыққа ұшырап, қазір ауруханада жатқан Айдос Садықов пен оның әйелі Наталья Садықова ашқан "Бәсе" Youtube-арнасы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігін ашық сынайтын видеолар жариялайды.
Арнаға бір миллионнан аса адам жазылған. Видеолары мыңдап, миллиондап қаралым жинайды. Садықовтар бұл каналды өздері босқын мәртебесін алған Украинадан жүргізеді.
www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚽ Еуропа чемпионатының В-тобында Хорватия мен Албания ойнап, 2:2 есебімен тарқасты. Матчтың 11-минутында Казим Лячи есеп ашып, Албанияны алға шығарған. Ал екінші таймда Хорватия айналдырған екі-үш минуттың ішінде екі гол салып алға шықты
⚽ 74 минутта Андрей Крамарич есепті теңестірген. Ал 76 минутта албаниялық Клаус Гьясула өз қақпасына автогол салып алып, Хорватия 2:1 есебімен алда келе жатқан.
⚽ Бірақ өз қақпасына гол салып алған Клаус Гьясула 90-минутта есепті теңестіріп кетті.
⚽ Топтық кезеңнің үшінші турында Хорватия Италиямен, Албания Испаниямен ойнайды.
⚽ Бірінші турда Хорватия Испаниядан (0:3), Албания Италиядан (1:2) жеңілген.
www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM