Telegram Group Search
🗣 Жыл басынан бері Қазақстанда 1440 адам көкжөтелмен ауырған

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитария-эпидемиология қадағалау комитетінің жауабына сүйенген "Власть" сайты хабарлады.

🩺 Көкжөтелмен ауырғандардың басым бөлігі Астана қаласында (381 адам) анықталған, одан кейін бұл ауру Ұлытау, Қарағанды және Алматы облысында күшейіп тұр. "Власть" ақпаратында Алматы қаласында жыл басынан бері көкжөтелге байланысты 62 жағдай тіркелгені айтылған.

💉 Көкжөтелмен ауырғандардың көбі – екпе салдырмаған балалар. Санитария-эпидемиология қадағалау комитетінің мәліметінше, 1440 науқастың ішінде 1285 бала вакцина алмаған.

Ал ересектер арасында 22 адам көкжөтелмен ауырған.

2023 жылы осы аурудан көз жұмғандар болмаған, ал биыл екі бала – біреуі Қарағанды облысында, екіншісі Ұлытау облысында – қайтыс болды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🔴 АҚШ мемлекеттік департаменті 2023 жылды қорытатын Халықаралық дін еркіндігі есебін жариялады. Қазақстан туралы бөлімінде елде діни сенімі үшін мемлекеттен қысым көру фактілері баяндалған, оң өзгерістер де аталған. Тіркелген діни ұйымдардың мүшелері ғибадат…
💬 АҚШ мемлекеттік департаментінің есебіне қарағанда, Қазақстанда заң жүзінде дін қызметкерлеріне әскерге бармауға рұқсат берілгенімен, Иегова куәгерлерінің 20 мүшесі әскерден босататын мәртебені ала алмаған.

Иегова куәгерлері ұйымы өздеріне билік сырт жақтан діни материалдар алдыртуға рұқсат бермей отырғанын айтып шағынған.

🔸 26 маусымда Иегова куәгерлері ұйымының Қазақстандағы орталығы Азаттыққа баспасөз баянын жолдап, сипаттамасы бойынша АҚШ мемлекеттік департаментінің есебінде аталған азаматқа ұқсайтын 20 жастағы Даниил Смальдің ісі жөнінде ақпарат берді.

Хабарламаға қарағанда, Қостанай облысы Рудный қаласының тумасы Даниил Смальді әскери комиссариатқа шақырған. Діни сенім-нанымына байланысты әскерге бара алмайтынын айтқан оны комиссариатта бір түн күшпен ұстап, ертеңіне пойызбен басқа өңірдегі әскери бөлімге жіберген.

🔸 Ант беруден бас тартқан Смаль әскери қызметтің үстінен шағым түсіріп, одан нәтиже болмаған соң сотқа жүгінген. Үш айға ұласқан тыңдаудан соң 2023 жылғы 9 қарашада Алматы гарнизонының әскери соты Даниил әскерге заңсыз шақырылған деп үкім шығарған.

Әскери билік бұл шешімді дауламақ болып, жоғары инстанцияға жүгінген. 2024 жылғы 16 сәуірде Қазақстан әскери соты бастапқы шешімді күшінде қалдырған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Мәжіліс төрағасы үкіметтен "шикі" күйінде түсетін заң жобаларына сын айтты

28 маусымда мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сегізінші шақырылымның екінші сессиясы аяқталғанын, парламентте демалыс басталғанын хабарлады.

🔸 Мәжілістің мәліметінше, екінші сессия барысында парламент 179 заң жобасын қарап, оның 102-сін қабылдаған.

Мәжіліс төрағасы парламентке "шикі" күйінде түсетін заң жобалары барын айтып, депутаттар оны тағы да пысықтап, қайта жазуға мәжбүр болатынын мәлімдеді.

🗣 "Нормалар жеткілікті пысықталмайды, сапасы төмен. Ол туралы жылда айтамыз" деді Қошанов. Ол мұның "айқын мысалы" деп Су кодексі және Құрылыс кодексі жобасын атады.

Қошановтың айтуынша, екінші сессияда парламент депутаттары жүздеген елді мекенге барып, екі мыңға жуық кездесу өткізген. Сессия барысында екі палатаның депутаттары үкіметке және басқа да мемлекеттік органдарға 700-ден аса сауал жолдаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Йоав Галантты Газа секторындағы операция кезінде "әскери қылмыстар істеді" деген айыппен тұтқындауға ордер беру мәселесін қарауды кейінге қалдыруды ұйғарды

Бұл туралы The Jerusalem Post жазды. Гаага соты 10 маусымда Ұлыбритания "соттың досы" құқығы бойынша ХҚС-ның Израильге қатысты юрисдикциясына байланысты ескертулер ұсынуға өтініш берген соң ордер беруді кейінге қалдырған.

❗️Халықаралық қылмыстық сот прокуроры Кәрім Ханның Нетаньяху мен Галантты тұтқындауға ордер беруді талап еткені 20 мамырда белгілі болған.

Прокурор палестиналық ХАМАС радикал тобының жетекшілерін де тұтқындауды сұраған. Сот Исмаил Ханияны, Мұхаммед Дейфті, Яхья Синварды тұтқындауға ордерлер беруді кейінге қалдыра ма, жоқ па, ол әзірге белгісіз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 28 маусымда Алматыда журналист, саясаттанушы Рахат Мамырбек атындағы саяси журналистика байқауының қорытындысы жарияланды

Жиынға белгілі журналистер мен БАҚ өкілдері қатысты.

📰 Байқауда "Үздік саяси мақала" номинациясы бойынша "Қамшы" порталының журналисі Меліс Сейдахметов бас жүлде алды.

🎬 Ал "Үздік саяси видео" номинациясы бойынша бас жүлде "Қазақстан" арнасындағы "Апта" бағдарламасының тілшісі Амангелді Сейітханға берілді.

Сейдахметов биліктен тәуелсіз журналистикаға қысым күшейген тұста тілшілерді қолдайтын мұндай байқаулардың болуы өте маңызды деп санайды. Сөзінше, елде билік тағайындайтын сыйлықтарға балама байқаулар болуға тиіс.

🗣 "Өкінішке қарай, халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары Қазақстанда баспасөзге бақылау күшейіп бара жатқанын көрсетіп отыр. Осы ретте тәуелсіз, бейтарап, объективті ақпарат жазуға, таратуға тырысатын тілшілерді қолдау аса маңызды" деді Меліс Сейдахматов.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Шоумен Тұрсынбек Қабатов 5 күнге қамалды

Қазақстандық шоумен Тұрсынбек Қабатов "ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен 5 күнге қамалды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты мен жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

🔸 Іс материалдарындағы ақпаратқа қарағанда, Қабатов 2 маусымда таңертең мас күйінде Алматы – Астана рейсінде балағат сөз айтқан.

Сотта Қабатов бортсеріктердің жұмысына көңілі толмағанын, осыған байланысты сөз айттым деген. Бірақ ол ұшақта балағат сөз айтқан-айтпағанын білмейді, дегенмен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.

Сотта куәгерлер Қабатовтың рейсте мас болғанын және балағат сөз айтқанын растаған. Қабатовты бес күнге қамау туралы сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

🔸 Тұрсынбек Қабатов – қазақстандық әзілкеш, асаба әрі шоумен. Ол 2015 жылы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан еңбек сіңірген қайраткер атағын алған.

🔸 2021 жылы ҰБТ-ға Қабатовтың қызының орнына басқа адам кірді деп шу болып, шоуменнің басы дауға қалған еді. Қабатов бұл оқиғаға репетиторларды айыптап, тест тапсыруға қызының орнына басқа біреуді кіргізу ойында болмағанын айтқан.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Оңтүстік Корея Мәскеу мен Пхеньян әріптестік және қорғаныс туралы келісім жасасқаннан кейін Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселесін қарастырмақ Бұл туралы баспасөз мәслихатында елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Чан Хо Чжин мәлімдеді деп хабарлады…
🗣 Оңтүстік Кореяның өнеркәсіп министрлігі Ресей мен Беларуське жіберуге тыйым салынған тауарлар тізіміне тағы 243 тауар қосатынын айтты

"Рёнхап" агенттігінің хабарлауынша, тамыздың аяғына дейін Оңтүстік Кореяның Мәскеу мен Минскіге жіберуге тыйым салған тауарлар тізімінің саны 1402-ге дейін көбейеді.

Министрліктің мәліметінше, бұл тізімге оптикалық құралдар мен датчиктерге арналған бөлшектер, металл кесетін жабдықтар кірген.

Оңтүстік Кореяның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Чан Хо Чжиннің айтуынша, Ресейге экспорт бақылауын күшейтудің негізгі себебі – Мәскеу 🇷🇺 мен Пхеньянның 🇰🇵 жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қоюы.

🇰🇷 Сеул бұған жауап ретінде Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселесін қарастыратынын айтқан.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Путин бұл сапарда Ким Чен Ынға жаңа Aurus көлігін сыйлаған Пхеньян өкіметіне Aurus сыйлау – санкция талабын бұзатын әрекет саналады, өйткені бұған дейін қабылданған санкциялар Солтүстік Кореяға люкс…
💬 Жақында Пхеньянға сапарлап барған Ресей президенті Владимир Путиннің Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға ресейлік Aurus лимузинін сыйлағаны есіңізде ме?

Reuters агенттігі бұл көліктегі көптеген бөлшек Ресейге Оңтүстік Кореядан жеткенін анықтады.

Агенттік Aurus-тың ең ірі жеткізушілерінің бірі – Оңтүстік Кореяның 🇰🇷 компаниялары болған дейді.

2024 жылы ақпанда АҚШ 🇺🇸 Татарстандағы Aurus зауытына санкция салған.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Сарбаздың өліміне Құдайбергенов кінәлі ме? 2022 жылғы қаңтарда Қызылордадағы дүрбелең кезінде ұлттық ұланның №5547 әскери бөлімінде жүрген сарбаз Мәдияр Қайсаров қаза тапты. Сот оның өліміне 34 жастағы Қазыбек Құдайбергеновті кінәлі деп танып, оны 16 жыл…
📹 Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылордада "Ұлттық ұлан" қызметкерінің өліміне кінәлі деп танылып, 17 жылға сотталған Қазыбек Құдайбергеновтің туыстары Астанаға келіп, Бас прокуратураға арыз тапсырды

Олар істі қайта тергеуді талап етеді. Бас прокуратурада Құдайбергеновтің туыстарын кезекші прокурор қабылдаған. "Бірақ нақты ештеңе айтпады" дейді олар.

Кейін олар президент әкімшілігі мен Адам құқығын қорғау жөніндегі уәкілге барды. Туыстары Қазыбек Құдайбергеновтің өзі істі қайта тергеуді сұраған, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазған хатты тапсырып жүр.

Оның туыстары "президент Тоқаевтың қабылдауына кіргіміз келеді" дейді.

🔗
Құдайбергеновтің ісі туралы мына сілтемеден өтіп оқыңыз

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қарағанды соты оқушы қызды орамалына бола мектептен шеттетуді заңсыз деп таныды

2023 жылы қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебі әкімшілігі діни наным-сеніміне байланысты басына ақ орамал тартқан 13 жастағы Әнелді сабаққа кіргізбей қойған, кейін оқудан шығарып жіберген еді.

Оқушы қыздың әкесі Болат Мусин жарты жылдан астам уақыт бойы түрлі мемлекеттік мекемелерге, соның ішінде сот органдарына жүгініп, баласын мектепке қайта қабылдауды талап еткен.

Сөйтіп жүріп ақыры оқу жылы аяқталғаннан кейін әкiмшiлiк iс бойынша тыңдау өткізуді ұйғарған. Талап-арыз бір-ақ күнде қаралып, осы іс бойынша тараптардың ұстанымын тыңдап, оқушы қыздың қалай киінгенін, басындағы орамалдың пішін қандай екенін қарай келе, оны ішінара қанағаттандыру жөнінде шешім шықты:

оқушыны мектептен шығару туралы бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жойды, ал мектеп әкімшілігін оқушыны мектепке қайтаруға және 8 сыныпқа ауыстыруға міндеттеді.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
44 жасында қыршын кеткен. Мағжанның бір ғасыры | Азаттық радиосы – 70 жыл

Биыл 25 маусымда ақын, қайраткер Мағжан Жұмабаевтың туғанына 131 жыл толды. 31 жыл бұрын ақынның 100 жылдығы қалай атап өтілген? Мағжанның сол кезде көзі тірі туыстарының естеліктері, ақын поэмасы желісімен түсірілген "Батыр Баян" фильмінің әсері – бүгінгі хабарда осы жайлы айтылады.

🎧Азаттық сайты
🎧
Youtube
🎧Apple podcasts

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
28 маусымда Қырғызстанның Ош облысындағы тасқын салдарынан бес адам қаза тапқан. Тағы екі адам хабар-ошарсыз кеткен. Қалың жаңбырдың аяғы тасқынға ұласқан.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі лай-топырақ көшкіні жүрген Ноокат ауданында төтенше жағдай режимі жарияланғанын хабарлады. Министрлік дерегінше, өңірде күрделі жағдай қалыптасқан.

Абшыр-Ата ауылында тасқын екі көпірді бұзып кеткен, 10 жеке үйдің ауласы суда қалған.

Тескей-Қожеке ауылында он шақты жеке үй мен білім беру мекемесінің аулаларын су басқан. Қарабұлақ ауылында тасыған су өзен жағасында тұрған автокөлікті ағызып әкеткен.

ТЖМ іздеу және тазарту жұмыстарына 637 адам мен 19 техника жұмылдырылды деп хабарлады.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
29 маусымға қараған түні Ресейдің Курск облысындағы тұрғын үйге әуеден дрон шабуыл жасады, салдарынан бес адам қаза тауып, екеуі ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Қаза тапқандардың екеуі – бала. Мұндай ақпаратты Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Алексей Смирнов хабарлады.

Оның айтуынша, украин дроны Городище ауылындағы үйге түскен. Опат болғандар мен зардап шеккендер – бір отбасының мүшелері дейді Смирнов.

Ресей қорғаныс министрлігі Курск облысының әуе кеңістігінде дрондар жойылғаны жөнінде ештеңе хабарламаған. Министрлік сенбіге қараған түні Тверь облысы мен Ресей аннексиялап алған Қырымда екі-екіден, Белгород және Брянск облыстарында әуеден бір-бір дронан атып түсірілді деп жазды.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Кэмеронды терістеген СІМ, яхтадағы қазақстандықтарға айып таққан Грекия, Еуроодаққа жасыл энергия сату | Баспасөз шолуы

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Камерон ресейлік пранкерлермен әңгімеде қазақстандық әріптесі Мұрат Нұртілеумен болды делінген әңгімені жария етті, бірақ Қазақстан сыртқы істер министрлігі оны "жалған ақпарат" деп атап, теріске шығарды. Грекия билігі өртенген арал маңында яхтада болған сегіз қазақстандыққа айып тағып, оларды іздеу үшін Қазақстаннан көмек сұрады. Каспий теңізі аймағы Еуропаға энергия тасымалдайтын орталыққа айналуды көздейді. Батыс баспасөзі бұл аптада осы тақырыптарды қамтыды.

🔗Оқу

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
АҚШ Украинаға 150 миллион доллардың қару-жарағы мен оқ-дәрісін береді.

Жаңа көмек пакетіне Hawk әуе қорғанысы тұтқыштары мен калибрі 155 миллиметрлік артиллериялық оқ-дәрі кіреді. Бұл туралы Ақ үйдің екі өкілі айтты, деп хабарлады Reuters.

Вашинстон Киевтің әуе қорғанысын қолдау туралы өтінішіне құлақ асып отыр, өйткені кейінгі апталарда Ресей Украинаның энергетика нысандарына ракетамен шабуылды жиілеткен.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Бүгін, Еуро-2024 додасының 1/8 финал ойындары басталады. Алдымен Италия мен Швейцария ойнамақ (Астана уақытымен 21:00). Италия Еуро-2020 додасының чемионы атанған. Швейцария сол турнирде ширек финалда ойнаған. Қай құрама ширек финалға шығады деп ойлайсыз?
Anonymous Poll
53%
Швейцария
48%
Италия
Еуро-2024 додасының 1/8 финалында Италия құрамасы Швейцариядан 0:2 есебімен жеңіліп жатыр. 37-минутта Ремо Фройлер, 46-минутта Рубен Варгас гол салып, Швейцария алда келеді.

Ойын жағынан да, шабуылдың өткірлігі жағынан да Швейцария басым ойнап жатыр. Италияның жағдайы қиын. Бұл құрама үшін есепті теңестіріп, ойынды қосымша уақытқа соза алса ерлік болмақ.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Azattyq - Азаттық
Еуро-2024 додасының 1/8 финалында Италия құрамасы Швейцариядан 0:2 есебімен жеңіліп жатыр. 37-минутта Ремо Фройлер, 46-минутта Рубен Варгас гол салып, Швейцария алда келеді. Ойын жағынан да, шабуылдың өткірлігі жағынан да Швейцария басым ойнап жатыр. Италияның…
Швейцария Италияны жарыстан шығарды

Футболдан Швейцария құрамасы Италияны жеңіп, Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. Осылайша Еуро-2020 додасының чемпионы болған Италия биылғы Еуропа чемпионатын 1/8 финалдан аяқтады.

Бірінші таймда Швейцария әлдеқайда басым әрі сенімді ойнады. Италияға қарағанда қауіпті сәттерде көп ұйымдастыра білді. Сондай сәттердің бірінде, 37-минутта Ремо Фройлер Италия айып алаңына имене кіріп, есеп ашып кетті. Бірінші таймда Швейцария тағы екі гол салуға мүмкіндігі болған еді. Бірақ бұл сәтте Италия қақпашысы Джанлуиджи Доннарумманың шеберлігі басым болды. Италия жанкүйерлері құрамадан мұндай ойын күтпеген еді.

Екінші тайм бастала сала Италияның жағдайы тіпті қиындады. 46-минутта Швейцария ойыншыларының кезекті комбинациясы голға айналды. Рубен Варгас салған гол Швейцарияны 2:0 есебімен алға шығарды. Матч соңына дейін Италия есепті теңестіруге тырысқанымен, нәтиже шықпады.

Бұл ойында Швейцария қорғаныста да, шабуылда да сауатты ойын көрсетті. Қарсыласының атағына да, букмекерлік кеңселердің Италия басым болады деген болжамына қараған жоқ. 90 минут бойы ойынды өз бақылауларында ұстады.

Швейцария Еуро-2020 турнирінің 1/8 финалында Францияны пенальтиден жеңіп кеткен еді. Бұл жолы Италияның Еуро-2024 додасынан шығарды.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Azattyq - Азаттық
Швейцария Италияны жарыстан шығарды Футболдан Швейцария құрамасы Италияны жеңіп, Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. Осылайша Еуро-2020 додасының чемпионы болған Италия биылғы Еуропа чемпионатын 1/8 финалдан аяқтады. Бірінші таймда Швейцария…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Швейцария фанаттары ұлттық құраманың ширек финалға шыққанын тойлап жатыр. Берлиндегі Олимпиада стадионы

Швейцария жанкүйерлері "Берлин, Берлин! Біз Берлинге қайта ораламыз!" деп ұрандатты. Олардың "қайта ораламыз" дегені - 14 шілдедегі финалды меңзегені.
2024/06/29 21:27:42
Back to Top
HTML Embed Code: