Telegram Group Search
📌 Еуродағы мына бір қызықты фактіге назар аударыңыз.

⚽️ Түркия құрамасының ойыншысы Арда Гүлер Еуропа чемпионатындағы алғашқы матчында гол салған ең жас ойыншы (19 жас 114 күн) болды. Осылайша ол португалиялық Криштиану Роналдудың рекордын (19 жас 128 күн) бұзды.

⚽️ Ал Роналду осы тұста басқа рекордты орнатты. 39 жастағы футболшы алтыншы рет Еуропа чемпионатына қатысып жатыр. Бұл - рекорд.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Жыланбаев түрмедегі қысымды айтып, елдің адам құқығы жөніндегі уәкілі Артур Ластаевқа қайырылды

🗣 "Басыма №4 мекеменің қызметкерлерінен қауіп төніп тұр. Маған жедел түрде келуіңізді өтінемін. Бұған дейін қысыммен маған құқық қорғаушылардан көмек керек емес деп жазған едім" дейді Жыланбаев 17 маусымдағы мәлімдемесінде.

17 маусымда Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев белсендімен Степногорсктегі колонияда кездескенін хабарлады.

🗣 "Ол маған мекеме басшылығы мен әкімшілігі үш сотталушыны өзіне қарсы қойғанын айтты" деді адвокат TikTok парақшасында.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі Азаттыққа телефонмен ақпарат бермеді, ресми сауал жолдауды сұрады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Путин Солтүстік Кореяға сапарлап барды. Оны Пхеньян әуежайында сол елдің басшысы Ким Чен Ын қарсы алған

Солтүстік Корея – Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысына тікелей қолдау көрсететін және аннексияланған Қырымды мойындаған әлемдегі бірнеше елдің бірі.

Путин бұған дейін Солтүстік Кореяға 2000 жылы барған, ол кезде елді Ким Чен Ынның әкесі Ким Чен Ир басқарып тұрған еді.

🔸 Сапар алдында жарияланған мақаласында Путин Солтүстік Кореяға Ресейді Украинаға қарсы соғыста қолдап отырғаны үшін алғыс айтқан.

🔸 Солтүстік Корея Ресей армиясына артиллерия снаряды мен ракета жүйелерін жеткізеді, ал Мәскеу мұның қарымы ретінде Пхеньянға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тыйым салған ракета бағдарламасына көмектеседі деген ақпарат бар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Шымкент соты "асырауындағы алты баланы қинады" деген күдікке ілінген адамды мәжбүрлеп емдеуге жіберді

18 маусым кешке Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы, Астана, Шымкент қаласынан "асырап алған алты баланы қинады" деп айыпталған 53 жастағы Ұлықбек Смановты мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіп, оны қылмыстық жауаптан босатты.

🔸 Бір ай бұрын Шымкенттегі балалар құқығы жөніндегі уәкіл Жанетта Жазықбаева Сманов асырап алған "балаларды қараусыз қалдырып, ауласындағы сарайда аш ұстап, ұрып-соққан" деп мәлімдеген.

Сманов Қылмыстық кодекстің "Қинау" (110-бап) және "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" (140-бап) баптары бойынша күдікке ілінген. Оны мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы өтінішті сотқа тергеушілер жолдаған.

🔸 Сманов сотқа қатысқан жоқ. Оны Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызды деп хабарлады сот органы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 18 маусымда Астанаға келген Еуропа одағының санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан баспасөз жиынын өткізіп, Қазақстаннан Ресейге реэкспорт жасалып жатқан тауарлар биыл қайта көбейе бастағанына алаңдап, жалпы Қазақстан тарапының санкция талаптарын сақтаудағы әрекеті көңілінен шыққанын айтты.

Ол сейсенбіде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұмағаринмен кездескен.

О’Салливан санкция салынатын жаңа тізімдер дайындалып жатқанын, бірақ оны қазір ашып айта алмайтынын айтты. Ол санкция болған жерде оны айналып өтуге немесе жаңа компаниялар құру арқылы құтылып кетуге талпыныстар болады, бірақ мұндай әрекеттердің бәрі бақылауымызда деді ол.

🗣 "Бұл – Қазақстанға осымен үшінші сапарым. Еуропадан Қазақстанға тасымалданған санкция салынған тауарлар үлесі биыл айтарлықтай өскенін байқап отырмыз. Бұл тауарлар Қазақстаннан Ресейге тасымалдануы мүмкін деп алаңдаймыз. Осы жерде айта кетейін, Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаған Қазақстанның шешіміне құрметпен қараймыз. Қазақстанға қосылыңыздар деп қолқа салған емеспіз. Ел билігінен тек санкцияны айналып өтуге жол бермеуді сұраймыз. Қазақстан санкцияны айналып өтетін алаңға айналып кетпесе дейміз. Қазақстан билігінің соғыста қолданылатын тауарлар Ресейге жіберілмейді деп кепілдік беріп отырғанына ризамыз" деді Дэвид О’Салливан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Израиль генералдары Ливанға шабуыл жоспарын бекітті. Бұл туралы Times of Israel басылымы жазды.

Израиль қолбасшылығы әскерді дереу дайындыққа салу туралы шешім қабылдады.

Бұл ақпарат Израильдің солтүстік аймақтарына "Хезболла" радикал тобы мен оған одақтас палестиналық қарулы жасақтардың шабуылы жиілеген кезде пайда болды. Онда атыс-шабыс ұлғайып кете ме деген қауіп те күшейіп отыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева жылдар бойы шенеуніктен қорлық көргенін айтып, көмек сұрады. Шенеуніктің өзі әйелінің айтқанын "жала" деп атады 🗣 Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі Ринат Ибрагимовтің балаларын заңсыз тартып…
💬 19 маусымда Атырау қаласының №2 соты Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовті бұрынғы әйелінің "денсаулығына орташа деңгейде қасақана зиян келтіргені" үшін айыпты деп танып, бостандығын 2 жылға шектеді

Ақпаратқа қарағанда, сот жаза түрін таңдағанда оның бұрын сотты болмағанын, оң мінездеме берілгенін ескерген.

🗣 "Жәбірленушінің 20 млн теңге моральдық шығын өндіру туралы талабы ішінара қанағаттандырылды, Ибрагимов жәбірленушіге 2 млн теңге моральдық өтемақы төлейді" деп хабарлады сот органы. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мамырдың ортасында Ақмарал Үмбетқалиева желіде видео жариялап, жылдар бойы Ибрагимовтен қорлық көргенін айтып, көмек сұраған. Ибрагимов оның сөзін "жала" деп атап, ақпарат бойынша "БАҚ өкілдерін асығыс қорытынды жасамауға" шақырған.

5 маусымда жергілікті ақпарат құралдары Ринат Ибрагимовтің Мақат ауданының әкімі қызметінен "өз еркімен" кеткенін хабарлады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Киев қаласының прокуратурасы Айдос Садықовқа қастандық жасалғаннан кейін "Қасақана адам өлтіруге оқталу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады Прокуратураның хабарлауынша, Садықов қазір ауруханада жатыр, жағдайы ауыр. Тергеуді Киевтегі ұлттық полиция…
⚡️ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Айдос Садықовқа жасалған қастандық бойынша пікір білдірді

Тоқаев дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы "осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберуге нақты тапсырма" бергенін айтты. Бұл туралы Ақорда жазды.

🗣 "Елімізде заң үстемдігін нығайтып жатырмыз, яғни барлық салада, ең алдымен, заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – айқын. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Қазақстанда заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет.

Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін айтқым келеді"
деді ол.

Тоқаев мұны 19 маусымда Ақордада тасқын салдарын жоюға көмектескендерді марапаттаған кездесуде айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 "РБК-Украина" сайты полицияға сүйеніп, оқиға Киевтегі Шевченко ауданында болған деп хабарлады Ақпаратқа қарағанда, белгісіз адам тұраққа қойылған автокөліктің жүргізушісіне оқ атқан, қазір полиция шабуылдаған адамды іздестіріп жатыр. "РБК-Украина" сайты…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Айдос Садықовқа жасалған қастандықты "әлдебір үшінші күштердің Қазақстан мен басқа елдердің арасына от салу әрекеті" деп ойлайды

"Қазақстан тарапы Украинаның тергеу және басқа орындарына шығып, істің мән-жайын анықтауды сұрауы керек деп ойлаймын. Талап етуіне де болады. Себебі Айдос – Қазақстан азаматы. Ел билігі өз азаматын қай жерде жүрсе де қорғауы керек, оның мүддесін жақтауы керек қой" деді Бапи.

Журналистердің бірі "Садықовтар көзқарасына байланысты елден қашты, Қазақстан олар үшін сөйлей ме?" деп сұрады.

Бапи "бұл жерде Садықовтардың саяси-кәсіби көзқарасы қалай болғаны маңызды емес. Ең маңыздысы — ол Қазақстан азаматы" деді.

🔸 2012 жылы Ақтөбе соты оппозиция белсендісі Айдос Садықовты "полицейлерге қарсылық көрсетті" деп екі жыл түрмеге жапқан.

🔸 Қазақстан Наталья Садықоваға 2014 жылы іздеу жариялаған. Ол кезде Садықоваға мәжілістің бұрынғы депутаты Марал Итеғұловтың ар-намысын қорлады деп айыпталған.

🔸 Садықовтар өздерінің үстінен қозғалған істердің "саяси астары" бар деген еді. Кейін олар елден кетіп, Украинада саяси баспана алған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
⚡️ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Айдос Садықовқа жасалған қастандық бойынша пікір білдірді Тоқаев дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы "осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберуге нақты тапсырма" бергенін айтты. Бұл…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Оппозициялық журналист, "БӘСЕ" YouTube-арнасының авторы Наталья Садықова Азаттыққа сұхбат беріп, өздеріне жасалған қастандық туралы айтты

Садықованың сөзінше, күйеуінің халі ауыр. Оқ оның самайынан кіріп, миына тиген. Дәрігерлер "осы түнде тірі қалмауы мүмкін" депті. Бірақ Садықова 19 маусым таңертең ауруханаға хабарласып, оның түннен тірі шыққанын білгенін айтты.

Наталья Садықова бұл шабуылды "саяси қастандық" деп атап, оған "президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырыс берді" деп санайтынын мәлімдеді.

Толығырақ сұхбаттан көріңіздер.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Тоқаев бүгін Ақордада су тасқынына қарсы шараларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, еріктілер мен қоғам белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрігерлерді, қарапайым жұмысшыларды, кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін марапаттады

🔸 Марапатталғандар арасында Forte Bank пен Burger King франшизасының Қазақстандағы иесі Болат Өтемұратов, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев, BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, Freedom Holding брокерлік компаниясының басшысы Тимур Турлов, Astana Group иесі Нұрлан Смағұлов бар.

🔸 Тоқаев тасқын кезінде Forbes тізіміндегі кәсіпкерлерді су басқан аймақтарға көмектесуге шақырған.

Президент биылғы тасқынды "бұрын болмаған ең жойқын табиғи апат" деп атады.

Ол баспанасыз қалған адамдарға "Қазақстан халқына" қоры үй салуға қаражат бөлгенін айтып, жалпы 2200-ден астам үй салынады, 10 мыңға жуық баспана күрделі жөндеуден өтеді деп мәлімдеді.

Тоқаев апат кезінде көмек көрсеткен бауырлас елдерге, халықаралық компаниялар мен ұйымдарға алғыс айтты.

🔸 Тасқыннан кейін Құлсары тұрғындары үкіметтен үйінің әр шаршы метрін 400 мың теңгеден есептеуді және ақшаны қолға беруді сұрап, әкімдік алдына жиналған. Бір аптаға созылған наразылықтан соң тұрғындар үйіне тарады, олардың 400 мың теңге талабы орындамалмады, әкімдік үйлердің әрбір шаршы метрі 200-240 мың теңгеден бағаланады деп, ақшаны тұрғындардың шотына аударған.

Тасқын кезінде Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланып, 19 мыңнан астам үйді су басқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
⚡️ Оппозициялық журналист, "БӘСЕ" YouTube-арнасының авторы Наталья Садықова Азаттыққа сұхбат беріп, өздеріне жасалған қастандық туралы айтты Садықованың сөзінше, күйеуінің халі ауыр. Оқ оның самайынан кіріп, миына тиген. Дәрігерлер "осы түнде тірі қалмауы…
⚡️ Оппозициялық белсенді Айдос Садықовқа жасалған қастандықтан кейін Қазақстан Украинаға ресми нота жолдады

Бұл ақпаратты Азаттыққа Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархат Қалетаев айтты.

"Біз Украина сыртқы істер министрлігіне осы жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін ресми нота жолдадық. Әлі жауап келмеді. Украина тарабынан бізге ешкім хабарласқан жоқ" деді елші.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Ақмола облысында алпыс отбасы тұратын Қаражар ауылы биылғы тасқыннан әлі ес жия алмай отыр. Тұрғындар сөзінше, ауылдағы жалғыз көпір жөнделмей, ауданмен қатынас үзілген.

"Ауылымызда түк жоқ, су жоқ, жол жоқ. Көпір жоқ. Бәрі жоқ. Ауыл әкіміне де, аудан әкіміне де айттық. Бірақ жөнделер түрі жоқ" дейді тұрғындар.

Ауылдық округ әкімі мен құзырлы министрлік жолды жөндеуге керек қаржы әлі есептеліп жатыр деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Пхеньянда келіссөз өткізген Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды

Путиннің айтуынша, құжат екі елдің біріне қарсы агрессия болған жағдайда өзара көмек көрсетуді көздейді.

Құжат мәтіні әлі еш жерде жарияланған жоқ, бұл әскери көмек туралы ма, әлде басқа нәрсе жайлы ма, ол жағы белгісіз.

Егер әскери көмек туралы болса, бұл Солтүстік және Оңтүстік Корея арасында соғыс қайта басталса, Ресейдің Пхеньяндағы соғысқа қатысуы мүмкін екенін білдіреді. 1953 жылы Корей соғысында атысты тоқтату туралы бітім жасалғанымен, бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қойылмаған.

🔸 Ким Путинмен өткізген келіссөзде Солтүстік Корея үкіметі "Ресей үкіметіне, армиясына және халқына арнайы әскери операция кезінде", яғни Украинадағы соғыста "толық қолдау танытатынын және тілектес екенін" айтқан. Кимнің пікірінше, операция "егемендікті, қауіпсіздік мүдделерін, аумақ тұтастығын қорғау үшін" жүріп жатыр.

🔸 Путин АҚШ-ты сынға алып, Украинадағы соғыста Ресейге қолдау көрсеткен Пхеньянды тағы да мақтаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Пхеньянда келіссөз өткізген Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды Путиннің айтуынша, құжат екі елдің біріне қарсы агрессия болған жағдайда өзара көмек көрсетуді көздейді.…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Путин бұл сапарда Ким Чен Ынға жаңа Aurus көлігін сыйлаған

Пхеньян өкіметіне Aurus сыйлау – санкция талабын бұзатын әрекет саналады, өйткені бұған дейін қабылданған санкциялар Солтүстік Кореяға люкс автокөлік жеткізуге тыйым салған-ды.

Бұған дейін Еуроодақ Ресейге барған Ким Чен Ынға оқ өтпейтін кеудеше мен Ресейде шығарылған алты дрон сыйлаған Приморск өлкесінің губернаторы Олег Кожемякоға санкция салған.

Видео: Reuters

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Үкіметтің арнайы сайтында жарияланған көліктің утилизация алымына қарсы петиция 50 мыңнан астам азаматтың қолын жинап, тиісті мемлекеттік органның қарауына түсті. Оны қарастыратын жұмыс тобы құрылып, оның отырысына петиция авторлары шақырылып, жиынның форматы, жоспары көп дауға негіз болды.

Бір қарағанда, қоғам мен үкімет арасында қызу диалог жүріп жатқандай. Шынымен солай ма?

"Аманат" партиясы атынан сайланған мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров бұл заңды "әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және басқа мәселелер бойынша қоғамның уәждерін мемлекетке жеткізетін жаңа тетік" деп сипаттайды.

Кей пікір бойынша бұл петиция ережесі халықтың ішіндегі "буды шығару" әдісі не "қоғамдық талқы" деңгейіндегі нәрсе болып қалуы мүмкін.

Саясаттанушы Дос Көшімнің сөзімен айтсақ, заңда "тек оны "талқыға салады" дегеннен басқа ештеңе жоқ".

🔗Сілтеме

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
⚡️ Оппозициялық белсенді Айдос Садықовқа жасалған қастандықтан кейін Қазақстан Украинаға ресми нота жолдады Бұл ақпаратты Азаттыққа Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархат Қалетаев айтты. "Біз Украина сыртқы істер министрлігіне осы жағдайға байланысты түсініктеме…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Киевте оқ тиіп ауыр жараланған оппозициялық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовқа операция жасалып, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелі Наталья Садықова бұл шабуылды "саяси қастандық" деп бағалады. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Садықовқа қатысты пікірінде "қоғамдағы кез келген қайшылық заңмен шешілу керек" дейді.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Киевте оқ тиіп ауыр жараланған оппозициялық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовқа операция жасалып, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелі Наталья Садықова бұл шабуылды "саяси қастандық" деп бағалады. Ал Қазақстан президенті Қасым…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт оппозициялық журналист Айдос Садықовқа жасалған шасалған шабуылды "саяси қастандық" деп атайды және оны "Қазақстандағы саяси қудалаулардан бөліп қарастыруға болмайды" дейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі осыған ұқсас саяси жағдайларды елеусіз қалдыратын. Бірақ, саясаттанушының сөзінше, Садықовқа жасалған шабуыл бойынша пікір білдірмей қоя алмады.

🗣 "Бұл Қазақстанда емес, шетелде болған жағдай. Президент Тоқаев халықаралық қауымдастық реакциясы қатаңдау болуы мүмкін деген оймен реакция білдірген сияқты" дейді Шалқар Нұрсейіт.

Саясаттанушының Азаттыққа берген пікірін толығырақ видеодан көріңіздер.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
⚡️ Оппозициялық журналист, "БӘСЕ" YouTube-арнасының авторы Наталья Садықова Азаттыққа сұхбат беріп, өздеріне жасалған қастандық туралы айтты Садықованың сөзінше, күйеуінің халі ауыр. Оқ оның самайынан кіріп, миына тиген. Дәрігерлер "осы түнде тірі қалмауы…
⚡️ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Наталья Садықованың "Бәсе" арнасы Тоқаев үшін көзге шыққан сүйелдей болды" деген сөзіне қатысты Tengrinews.kz сайтына пікір білдірді.

🗣 "Қайдағы сүйел? Мемлекет басшысы бұл интернет ресурсты қарамайды, тіпті оған ешқашан қызығушылық танытқан да емес. Қазақстанда әртүрлі бағытта ондаған, тіпті жүздеген мұндай арна, сайттар жұмыс істейді. Бәрі өз қызметтерін атқарып жатыр. Ал аталған арнаның ешқашан еліміздің ішкі ақпараттық мәселелеріне айтарлықтай әсері болған жоқ. Оған қоса, көп адам ондай ақпарат көзінің бар екенін Киевте болған оқыс оқиғадан кейін ғана білді" дейді Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Киевте қастандыққа ұшырап, қазір ауруханада жатқан Айдос Садықов пен оның әйелі Наталья Садықова ашқан "Бәсе" Youtube-арнасы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігін ашық сынайтын видеолар жариялайды.

Арнаға бір миллионнан аса адам жазылған. Видеолары мыңдап, миллиондап қаралым жинайды. Садықовтар бұл каналды өздері босқын мәртебесін алған Украинадан жүргізеді.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Хорватия мен Албания тартысты ойында тең түсті

Еуропа чемпионатының В-тобында Хорватия мен Албания ойнап, 2:2 есебімен тарқасты. Матчтың 11-минутында Казим Лячи есеп ашып, Албанияны алға шығарған. Ал екінші таймда Хорватия айналдырған екі-үш минуттың ішінде екі гол салып алға шықты

74 минутта Андрей Крамарич есепті теңестірген. Ал 76 минутта албаниялық Клаус Гьясула өз қақпасына автогол салып алып, Хорватия 2:1 есебімен алда келе жатқан.

Бірақ өз қақпасына гол салып алған Клаус Гьясула 90-минутта есепті теңестіріп кетті.

Топтық кезеңнің үшінші турында Хорватия Италиямен, Албания Испаниямен ойнайды.

Бірінші турда Хорватия Испаниядан (0:3), Албания Италиядан (1:2) жеңілген.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2024/06/19 15:20:43
Back to Top
HTML Embed Code: